Миссиясы мен Көзқарасы — Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультеті

Миссиясы мен Көзқарасы

Біздің стратегиялық бағытымыз өңірлік және жаһандық деңгейдегі цифрлық даму трендтерін айқындайды.

Біздің мақсатымыз

Факультет миссиясы

Цифрлық экономиканың талаптарына жауап бере алатын, заманауи ақпараттық технологияларды, жасанды интеллект пен бағдарламалық инженерияны терең меңгерген, инновациялық ойлайтын, кәсіби және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары IT мамандарын даярлау, сондай-ақ ғылым, білім және өндіріс интеграциясын дамыту арқылы өңір мен елдің цифрлық трансформациясына үлес қосу.

Болашақ бейнесі

Біздің көзқарасымыз

Халықаралық деңгейде танылған, білім беру, ғылыми зерттеу және инновациялық қызметті тиімді ұштастыратын, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жетекші академиялық орталыққа айналу.