«AI Digital Mangystau – 2026» форумында Yessenov University студенттері республикалық хакатон жеңімпазы атанды
•
📍 Ақтау қ., Маңғыстау облысы
Ақтау қаласында өңірдің цифрлық трансформациясын жеделдетуге және жасанды интеллект технологияларын экономика салаларына енгізуге арналған «AI Digital Mangystau – 2026» халықаралық форумы өтті.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен өткен ауқымды жиында Yessenov University өкілдері, IT-мамандар мен стартап әзірлеушілер бас қосты. Көрме аясында робот-гуманоид, заманауи робототехника және Alert X (Yessenov University, Intel X), Target AI, Qamal HR, Shern 3D секілді инновациялық жобалар таныстырылды.
🤖 Сараптамалық пікірталас және марапаттау:
Yessenov University Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультетінің деканы Лаула Жумабаеваның модераторлығымен «Жасанды интеллект: Маңғыстау облысының цифрлық болашағы» атты сараптамалық алаң өтті. Сонымен қатар цифрлық дамуға үлес қосқан азаматтар ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен облыс әкімінің атынан марапатталды.
🏆 «Decentrathon 6.0» хакатонының жеңімпаздары:
Форум аясында Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультетінің 3-курс студенттеріНұрдәулет Туебаев, Дәулет Тасубаев, Нұрхан Аманжол және Нұрай Төлегенненқұралған команда Grand Mobile кейсі бойынша №3 тректе«Support Copilot»жобасымен жеңімпаз атанып,500 000 теңгесыйақы иеленді!






