Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультетінің (AI School YU) студенттері отандық AlertX AI киберқауіпсіздік платформасын әзірлеуге үлес қосты.
Платформа СТ РК ISO/IEC 15408-3-2024 стандарты бойынша сертификаттаудан өтті: ол ақпараттық қауіпсіздіктің 4-ші сенім деңгейіне (ОУД 4) сәйкес келеді. AlertX AI жасанды интеллект арқылы SIEM, SOAR, UEBA және Threat Intelligence технологияларын біріктіреді.
Әзірлеме Ақтауда, студенттеріміздің қатысуымен жасалды. Жас мамандарға қолдау көрсеткені үшін IntelX командасына алғысымызды білдіреміз.
Instagram: https://www.instagram.com/yu_computer_science/p/DfCuSUAI774/



