Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультеті профессор Қартбаев Амандық Жанқожаұлының ақпараттық қауіпсіздікті практикалық оқыту әдістемесі бойынша шеберлік сабағына шақырады.
Спикер
Қартбаев А.Ж., PhD, қауымдастырылған профессор
Күні
8 қазан, 16:00
Орны
D301 аудиториясы
Кездесуде ақпараттық қауіпсіздікті оқытудың теориялық және практикалық қырлары талқыланады. Іргелі тұжырымдамаларды нақты кейстермен, зертханалық тапсырмалармен қалай ұштастыруға болатыны туралы тәжірибе бөлісіледі.
Сонымен қатар жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктер сабақты қалай қызықты әрі тартымды ететіні жайында сөз болады.
📷 Дереккөз: Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультетінің Instagram парақшасы (yu_computer_science)


