Жумабаева Лаула ОрынбасаровнаКомпьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультетінің деканы
Декан

Жумабаева Лаула Орынбасаровна

PhD

Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультетінің деканы

14ғылыми еңбек
7Scopus / Web of Science
4ел — халықаралық тағылымдама

Құрметті талапкерлер, студенттер, ата-аналар және әріптестер!

Сіздерді Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультетінің ресми парақшасында көргенімізге қуаныштымыз!

Факультетіміз – цифрлық экономиканың талаптарына жауап бере алатын, заманауи ақпараттық технологияларды, жасанды интеллект пен бағдарламалық инженерияны терең меңгерген IT мамандарын даярлайтын жас әрі қарқынды дамып келе жатқан құрылымдық бөлім. Біз студенттерімізге Huawei ICT Academy, Cisco Networking Academy және EDU01 AI School сияқты халықаралық серіктестермен бірлескен білім беру платформалары арқылы әлемдік стандарттарға сай білім аламыз деп сенімдіміз.

Факультеттің басты мақсаты – инновациялық ойлайтын, кәсіби және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ғылым, білім және өндіріс интеграциясы арқылы өңір мен елдің цифрлық трансформациясына үлес қоса алатын мамандар даярлау. Осы бағытта біз практикаға бағдарланған оқытуға, халықаралық серіктестікке және студенттердің стартап-әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлеміз.

Құрметті талапкерлер! Егер сіздің болашағыңыз жасанды интеллект, бағдарламалық инженерия, киберқауіпсіздік немесе компьютерлік инженерия салаларымен байланысты болса, біздің факультет сіз үшін дұрыс таңдау болады деп сенеміз.

Ізгі ниетпен, Лаула Жумабаева — Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультетінің деканы
Байланыс · Emaillaula1.zhumabayeva@yu.edu.kzЖазу