Факультет тарихы мен жетістіктері

Факультет тарихы

2025
Құрылған жылы

2025 жылы университеттің цифрлық білім беру бағыттарын дамыту мақсатында Компьютерлік ғылымдар кафедрасы қайта ұйымдастырылып, оның негізінде Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультеті құрылды.

Факультеттің құрылуы ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласына деген сұраныстың артуына, цифрлық экономиканың қарқынды дамуына және жоғары білікті IT мамандарын даярлау қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылды.

Құрылған сәттен бастап факультет заманауи білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, халықаралық білім беру орталықтарын дамытуға, ғылыми-зерттеу қызметін күшейтуге және студенттердің практикалық даярлығын арттыруға басымдық беріп келеді. Бүгінде факультет университеттің инновациялық дамуына үлес қосатын жетекші құрылымдық бөлімшелердің біріне айналды.

Негізгі жетістіктері

2025 жылы Компьютерлік ғылымдар кафедрасы негізінде Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультеті болып қайта құрылды.

Факультетте Huawei ICT Academy, Cisco Networking Academy және EDU01 AI School халықаралық білім беру орталықтары табысты жұмыс істейді.

Факультет студенттері Huawei ICT Competition халықаралық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болып, халықаралық деңгейдегі беделді арттыруда.

Студенттер республикалық және халықаралық IT олимпиадаларына, хакатондарға және бағдарламалау жарыстарына тұрақты қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Факультетте 7 заманауи аудитория мен 4 арнайы жабдықталған зертхана іске қосылып, тәжірибеге бағытталған білім ортасы қалыптасты.

Қазіргі таңда факультетте 700-ге жуық студенттен тұратын заманауи және көпұлтты академиялық орта қалыптасқан.

Түлектер отандық және халықаралық IT-компанияларда, банк секторында, өндірістік кәсіпорындарда, стартаптар мен жаһандық жобаларда табысты еңбек етуде.